ПОДОЛОГИЯ: АЯҚТАР МЕН ТЫРНАҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА КӘСІБИ КҮТІМ!
мкр 18, дом 43
imagen1
Slider

Біздің кызметіміз

вросший ноготь

Енбеген тырнақтарды тузету

Грибок ногтей

Тырнақ қотыр-қышымасы (грибок)

Утолщенные ногти

Қалыңдатылған тырнақтар

Трещина стопы

Жарылған табан

потливость ног

Аяқтың тершеңдігі

Отслоение ногтя

Тырнақтардың қабыршықтануы

Стержневая мозоль

Өзегі бар мазоль

Бородавки

Сүйелдер

Корректирующие стельки

Ортопедиялық ұлтарақтар

Подология деген не?

Подология аяқ-табан мен тырнақтарға қатысты проблемаларды шешуге арналған аяқ күтімі туралы ғылым. Бұл Батыста және Еуропада кеңінен танымал, Қазақстанда дамып келе жатқан сала.

Біздің орталық аяқ-табан мен тырнақ проблемалары саласында жоғары сапалы қызмет көрсететін мамандарымен мақтанады. Біз осы салада ең жақсы қызмет көрсетуді, ауырсынусыз процедураларды және әрқайсыңызға жеке қызметті уәде етеміз!

Подолог - ортопед, хирург немесе эндокринолог болсын, науқас пен дәрігер арасындағы байланыстырушы буын.

Біздің мамандар

Жанысбекова Алия Амангелдыкызы

Жанысбекова Алия
Парамедициналық педикюрдың маманы

Айгуль Куандиковна

Айгуль Куандиковна
Парамедициналық педикюрдың маманы

Біздің артықшылығымыз

Тек қана үздік мамандар

Біздің орталықтың подологтары біліктіліктерін үнемі арттырып отырады, бұл көптеген дипломдар мен сертификаттармен расталады.

Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі

Біз әрбір клиентке жоғары дәрежеде көңіл бөлеміз. Сіз бізбен бірге проблемадан құтылып қана қоймай, процедура кезінде демалуға мүмкіндігіңіз болады.

Әркімге 100% қауіпсіздік

Біз тек ең жақсы әдістерді қолданамыз, санитарлық нормаларды қатаң сақтаймыз және тек дәлелденген космецевтиканы пайдаланамыз.

МАМАНҒА СҰРАҚ ҚОЙЫҢЫЗ

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Эстетикалық педикюр мен парамедициналық педикюрдің айырмашылығы неде?

Эстетикалық процедура тек «безендіруге» арналған, бірақ ол мәселенің негізгі себебін шешпейді. Парамедициналық педикюр мәселенің себебін шешеді және оның салдарын жояды. Егер Сіздің аяқ-табаныңызда проблемалар болса, педикюр ұстасына емес, подологқа жүгінуіңіз керек.

2. Сіз тырнақты лазермен алып тастайсыз ба?

Біз мұндай травматикалық әдістерді қолданудан бас тартып, клиенттеріміздің тырнақтарын сақтауды қалаймыз. Мысалы, тырнақ өскен жағдайда, біз тырнақтың өскен бөлігін алып тастаймыз және тырнақтың өсу бағытын өзгертетін, оны қалыпты күйіне қайтаратын түзету жүйелерін орнатамыз.

3. Қисық кіріп өскен аяқ тырнағын түзету қаншалықты ауырады?

Процедураның ауырсыну деңгейін біржақты анықтау қиын, өйткені әр адамның өз ауырсыну шегі бар. Дегенмен, ауырсыну сезімі қысқа мерзімді, бірнеше секундта ғана болатынын сенімді түрде айта аламыз. Процедурадан кейін Сіз ыңғайсыздықты сезінбейсіз және Сіз әдеттегі әрекеттеріңізге орала аласыз.

4. Қатты мазольды жою қалай жүзеге асырылады?

Егер өзегі бар мазоль туралы айтатын болсақ, онда оларды жою процесі алғашында терінің мүйізді қабатын өңдеуден басталады. Содан кейін арнайы кескішті пайдаланып, мазоль тамырын алып тастаймыз. Бұл проблемадан толықтай құтылуға және оның қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.

5. Тырнақ қышыма-қотырын (грибок) емдеу қанша уақытты алады?

Тырнақ қышыма-қотырын (грибок) емдеу шыдамдылық пен уақытты қажет ететін процесс. Зақымдану дәрежесіне және организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты процесс бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Біздің орталық қышыма-қотыр (грибок) ауруларын тиімді жою үшін дәлелденген әдістер мен заманауи әдістерді қолданады.

    Консультацияға
    жазылыңыз

    Әкімші сізге мүмкіндігінше тезірек хабарласады